Қостанай облысындағы 7 жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қостанайда Жітіқара мен Ресейдің Маринов елді мекені бағытындағы трасса және Арқалықтан Торғайға баратын жол жабық, деп хабарлайды 24KZ.
Жергілікті маңыздағы 7 жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Ресми мәліметке сүйенсек, облыс бойынша 213 үйді су басқан. Тасқын судың ортасында қалған ауылдарға азық-түлік, тұрмыстық заттар тікұшақпен жеткізілді. Жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмекті еріктілер тізім бойынша бөліп, оны таратуға атсалысып жүр.
Шөптібай Сарин, Аманкелді ауданының тұрғыны:
- Менің тілерім, халқым сабырлы болу керек. Үрейге бой алдырмауымыз керек. Бірінші бағыты, ұйымшыл ниет керек. Бөлінген заттарды мынау азаматтар істеп жатыр. Соған мүмкіндік берейік. Сабырлықпен кезекпен тұрып, жасаған қайырды шүкіршілік етіп алайық.