Қ. Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалуы тиіс.
Үкімет басшысының орынбасары Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде осылай деді. Өңірлерді қалпына келтіру үшін барлық қажетті ресурстар бөлінетіндігін де айтты. Төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты. Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары ретінде Қанат Бозымбаев су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізілу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ ол аудан және қала әкімдерімен, облыстық қызметтер мен басқарма басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Апаттық-құтқару жұмыстарын жалғастыру, құтқарылған адамдарды қажетті заттармен қамтамасыз ету, шығынды бағалау, бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.