Еріктілердің еңбегі ерен. LIVE
Осы күнге дейін су тасқынынан зардап шеккен Қостанай өңірінің оңтүстік аудандарына 120 тоннадан астам азық-түлік, басқа да керек-жарақтар жіберілді.
Облыс орталығының өзінде гуманитарлық көмекті қабылдайтын 5 пункт ашылған. Олар зардап шеккен тұрғындардың сұранысына сай қажетті заттарды жіберіп отырады.
Бұл айтар ауызға оңай. Түсіне білген адамға оның астарында қаншама мазасыз күндер, ұйқысыз түндер жатыр. Әсіресе еріктілердің еңбегін атап өткен жөн. Ешкім міндеттеп, мәжбүрлемей, өз еріктерімен қиын жағдайда қалған халыққа көмектесіп, керек-жарақтарын тасымалдап жүрген ұл-қыздардың еңбегі шынымен ерлікке пара-пар.
Облыс бойынша мыңнан астам волонтер осы игі іске жұмылған. Бірі күрек ұстап, қапшық тасып, бөгет тұрғызып жатса, енді бірі ас-суын тасып жүгіріп жүр. Алыс-жақыннан қайырымдылық көмек ұйымдастырып жүргендер қаншама.
Мынау пунктегі жастар да үш-төрт күннен бері тынымсыз сол шаруамен айналысып жүр. Олар бұған дейін оңтүстік аудандарға азық-түлік, қажетті заттар тиелген екі жүк көлігін жіберген. Бұл жолы дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар, балалар киімі және кеңсе тауарларын қабылдап жатыр. Бүгін жолға шықпақ.
Осы қайырымдылық істің басы-қасында жүрген еріктілердің бірі – Ләйла Балғабаеваны сөзге тартсақ.
- Ләйла Кенжеғалиқызы, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниетті адамдар көп пе?
Ләйла Балғабаева, ерікті:
Қазір ең қиын жағдай Жангелдин ауданында. Сол жаққа көмекке кеше Аманкелді, Науырзым аудандарынан қырық шақты ерікті аттанған.
Мағауия Қалиев, «24.KZ», Қостанай облысы