Комиссия шығын көлемін анықтауға кіріседі
Ақтөбе облысындағы Екпетал және Қаратал ауылдарында 318 үйді қарғын су басты.
Ал Амангелді мен Ақкемерде бүлінген баспаналардың нақты санын жер кеппей айту мүмкін емес. Қазір су басқан ауылдардың мыңнан астам тұрғыны Ойыл ауданындағы мектеп интернаты, колледж және спорт кешеніне орналастырылды. Шығын көлемін анықтау үшін комиссия елді мекендердегі әр үйді аралап шығады.
Гауһар Сағынтайқызы, Қаратал ауылының тұрғыны:
- Малдың орны толар, бірақ енді қазіргі таңда паналайтын баспана керек. Біз қазір Ойыл ауданында шынымызды айтсақ, бала-шағамызбен квартирада, міне өзіңіз көргендей спорт мектебінде, колледжімізде, мекемелерде жатырмыз.
Саян Сүлейменов, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары:
- Ауылдың іші кеуіп, саябырсығаннан кейін біздер енді, бұл жерде эвакупункттер орналаса береді. Бірақ, қосымша біздер сол ауылдарға баратындар болса, сол жерлерге біз ағаш үй, палатка осындай мәселелерді қосымша ішіне обогревающий заттармен қосымша қарайтын боламыз. Жобалық сметалық құжаттама дайындайтын мекемелермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сол келіссөздің негізінде біздер үй салу жұмыстарына кірісетін боламыз.