Су тасқынының екінші кезеңіне дайындық қауырт
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы дайындық барысын тексерді.
Атап айтқанда елорда маңындағы Нұра, Есіл өзендерін аралады. Қазір тасқынның екінші кезеңінің басталуына байланысты облыстағы жағдай әлі күрделі. Өзен-көлдердегі ылғал деңгейін үздіксіз бақылау үшін арнайы бекеттер құрылды. Мұз кептелістері болған жағдайда жару жұмыстары жүргізіледі. Елді-мекендерді қорғау үшін құм толтырылған қапшықтар әзірленіп, бөгеттер нығайтылып жатыр. Айта кету керек, Ақмола облысы бойынша қызылсумен күреске мың жарымға жуық адам және 350 техника жұмылдырылған. Қанат Бозымбаев облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар департаменті басшысына еріген қар суының қауіпсіз өту мәселесін жеке бақылауға алуды тапсырды.