Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы қорғалды
Мүмкіндігі шектеулі жандардың атына тіркелген 4 636 көлік ақылы автотұрақтың жеңілдіктер тізіміне енгізілді.
Осылайша тумысынан мүгедектігі бар және 1-ші, 2-ші топтағы кембағал жандар енді әкімшілік айыппұл арқаламайды. Негізі ереже бойынша ақылы автотұраққа ақша төлеуден жалтарғандар 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлеуге міндетті. Ал жоғарыда аталған жаңа мүмкіндік аясында Нұра ауданының прокуратурасы 40 әкімшілік материалдың күшін жойды.
Бауыржан Асқаров, Нұра ауданы прокурорының орынбасары:
- Нұра ауданының прокуратурасы мүмкіндіші шектеулі адамдардың құқытарының сақталуына талдау жүргізді. Азаматтардың аталған санаттағы тиісті жол белгілерімен немесе белгілерімен белгіленген орындарда тұрақ үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға әкімшілік айыппұл салудан босатылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым міндеті болып табылады.