Биыл елде 55 қазандық күрделі жөндеуден өтеді

Биыл елде 10 энергоблок, 55 жылу қазандығы және 45 турбина күрделі жөндеуден өтеді.

Жылу электр орталықтарын модернизациялауға бюджеттен 326 млрд теңге қаражат бөлінген. Жылу беру маусымы аяқталған өңірлерде қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл Екібастұздағы ГРЭС 1-де бірінші энергоблокты жаңғырту жұмыстары аяқталып, станция толық 4 мың мегаваттық күшіне енеді. Сондай-ақ, елде жаңа үш жылу электр орталығын салудың техникалық экономикалық негіздемелері жасалынуда.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі: 

- Тапсырмаға сәйкес 55 орталықтың 19-ын қызыл аймаққа енгізіп едік. Ең қауіпті мекемелер деп 2023 жылы. Биылғы жұмыстардың арқасында 19-дың 9-ы қызыл аймақтан шығады, қалғандарына тиісті кестемен қаражат беріліп жатыр.