Іздеуде жүрген 2 қазақстандық ұсталды
Іздеуде жүрген Қазақстанның 2 азаматы Ыстамбұлдан ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасымен айналысты, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған басшылық жасады деген күдікке ілінген. Ұсталғандар Ыстамбұлдан Алматы қаласына жеткізіліп, қазір тергеу изоляторына қамалды.
Жалпы іздеу жұмыстарын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі, Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп жүзеге асырған.