Көкшетауға елордадан гуманитарлық көмек жетті
Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға елордадан гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды 24KZ.
Екі көлікке тиелген азық-түлік пен киім-кешектер бірден мұқтаж отбасыларға таратылды. Қалада 60-тан астам адамның баспанасы су астында қалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық үйдің тұрғындары эвакуациялық пункті паналап отыр. Көмек қолын созған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен Сенат депутаттары зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бүгінгі таңда 20 өңірде 43 жылу жинау штабтары ұйымдастырылған. Республикалық штаб жұмысын атқарып жатыр. Біз осы сәтті пайдалана отырып, еліміздің барлық кәсіпкерлері мен отандастарымызды осы көшті қолдап, жүректен жеткен жылуды осы қиын кезеңге тап болған азаматтарға жеткізуді сұраймыз.