Қытай азаматтары Қазақстанда жезөкшелер орталығын ұйымдастырған

Қытай азаматтары Қазақстанда жезөкшелер орталығын ұйымдастырған

«Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында ҚХР азаматтары 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ұйымдастырған.

Аталған орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген.

Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып, тәркіленді – делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.