Қарамырза ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында жағдай тұрақталды.
Су тасқыны енді өңірдің орталық бөлігіне ауысты. Науырзым, Әулиекөл, Жітіқара аудандарында қазір қардың жаппай еруі байқалып отыр. Әсіресе Қарасу ауданында жағдай күрделі. Тасқын су тақап келгендіктен Қарамырза ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Жүзден астам адам эвакуацияланды. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің барлық күш-құрылымы осы жаққа жұмылдырылған.
Дмитрий Чиченков, ТЖД басқармасы бастығының м.а.:
- Жағдай ушығып бара жатса, алдын ала ел-жұртты хабарландырып, ескертеміз. Сосын эвакуацияға кірісеміз. Төтенше жағдайлар қызметінің жедел штабы күні-түні жұмыс істейді. Су қоймалары да қазір ерекше назарда. Бір сөзбен айтқанда жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.