Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді
Сонымен қатар, Олжас Бектенов Шығыс қазақстан облысындағы су деңгейін тексеріп, төтенше жағдайдың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Үкімет басшысы облыстың Глубокое және Алтай аудандарының таулы аймақтарын тікұшақпен аралады. Тасқын қаупі бар аудандардағы жағдаймен танысты. "Облыс аумағының 70%-ын қалың қар басып жатыр, ал қар жамылғысындағы су қоры нормадан 2 есе артық. Бұл қауіптің әлі сейілмегенін көрсетеді" деді премьер-министр. Қыстың соңында қар қалың жауған Марқакөл, Катонқарағай, Глубокое, Үлкен Нарын және Алтай аудандары – тәуекел аймағында. Өзендердегі су деңгейі әзірге қауіпті межеге жеткен жоқ. Алайда, болжам бойынша, облыста дауылды ескерту жарияланған. Күн күрт жылынып сынап бағаны 19 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан сәуір айының ортасына қарай аймақта су тасқыны қаупі жоғарылайды. Өңірде жоғары дайындық режімі жарияланды. Төтенше жағдайды жою бойынша облыстық жедел штаб жұмыс істейді. Жағдай ушығып кетсе, күштік құрылымдар мен арнайы техника жасақталып, қызмет көрсетуге дайын.