Жылыой ауданының тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді
Осы Жылыой ауданында Жем өзенінің арнасынан асып-тасуына байланысты тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір әкімдік жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су тасқыны салдарынан бірнеше кәсіпкерлік нысан мен жолдар бүлінді. Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов жергілікті халықты барынша үрейге ерік бермеуге шақырды.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
- Қаламыздың тұрғындарын толықтай эвакуациялау туралы тұрғындар арасында түсініспеушілік туындады. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар ықшам аудандардың тұрғындары ғана эвакуцацияланады. Бүгін әкімдік Жем өзенінің арналарын тазартуға айтарлықтай күш салды. Ол су деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізеді.