БҚО-да мемлекеттік сатып алу бойынша 5 конкурс жойылды
Батыс Қазақстанда 1,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуды заңсыз ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Прокуратура орташа жол жөндеу жұмыстарына жарияланған 5 конкурстың күшін жойды. Оралда мемлекеттік сатып алу бөлімі демпинг белгісін 20%-ке дейін өсірген. Заң бойынша ол техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5%-ке төмен болуы шарт. Қабылданған шаралар мемлекеттік сатып алу ісіндегі адал бәсекелестікті сақтауға мүмкіндік берді, – дейді облыстық прокуратура өкілдері.