Премьер-министр мен оның орынбасарлары апатты аймақтарда жүр
Премьер-министр мен оның орынбасарлары су тасқыны болған аймақтарда жұмыс істеп жатыр.
Қазір Олжас Бектенов Қостанай облысында жүрсе, бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысының жағдайымен танысып жүр. Ал қалған вице-премьерлер, Серік Жұманғарин Ақтөбе, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан, Қанат Бозымбаев Атырау облысындағы жағдайды көріп, бақылауда ұстап отыр. Олжас Бектенов осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына дайындықты тексерген еді.