Елдің солтүстігі мен шығысында күн суытады

Бүгінде Қазақстан аумағының 21 пайызында әлі қар жатыр.

Алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ел батысында жауын-шашын 9-шы сәуірде бәсеңдеп, күн +25 градусқа дейін жылиды. Қолайлы ауа райы оңтүстікте де сақталады. Бірақ солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы

- Ертең, 9-шы және 12-ші сәуірде Шығыс Қазақстанда, Павлодар мен Абай облыстарында, 8-ші сәуірде Батыс Қазақстан мен Ақтөбе өңірлерінде, 8-нен 11-ші сәуірге дейін Қостанай, Ақмола, тағы Солтүстік Қазақстанда, 11-ші сәуірде Ұлытау облысында, 9-12-ші сәуірде кеншілер мекенінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ал бүгін түнде және 11-12-ші сәуірде Алматы облысында нөсерлі жаңбыр күтіледі. 9-шы сәуірде Түркістанда, 8-і күні орталық Қазақстанда, 9-11 күні Жамбыл облысында, 9-11-12 сәуірде Жетісу мен ел шығысында қатты жауын болады. Кейін қарға ұласуы ықтимал.