Волонтер жастар көмек көрсетіп жатыр

Бүгіннен бастап Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жедел әрекет етуші Республикалық волонтёрлар штабы жұмыс істейді.

Ол «Жастар Рухы» Жастар Қанаты филиалдарының жанынан құрылған. Айта кетейік, батыста су тасқыны басталғалы бері «Жастар Рухы» волонтёрлары жан-жақты көмек көрсетіп келеді. «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, азаматтарға үлестіріп жатыр.