Бейнеуге ҚХА кезекті көмегін жіберді
«Жүректен жүрекке» акциясымен гуманитарлық көмек бұған дейін Ақтөбе қаласына жөнелтілген болатын.
Ақтау қаласындағы Достық үйінде елдегі табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық жәрдем көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.
Оңайбек Әбділов, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
- Қазір достық үйінің қасында Ассамблея қызметкерлері жастар жинаған гуманитарлық жүкті жібергелі жатырмыз. Мұнда азық-тамақтар бар, төсек орындар бар. Бейнеуге жібереміз. Құлсарыда су алуына байланысты кеше түнде көп адамдар осы Бейнеуде орналдасқан. Солардың жағдайын жасау үшін жіберіп жатқан жағдаймыз бар.