Аймақтардағы ахуал бақылауға алынған
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды.
Ол қар суы шайып кеткен «Эко» және «Көктем» бау-бақша ұжымдарымен кездесті. Жиын барысында вице-премьер халықтың қалауын тыңдап, су тасқынынан келген материалдық шығын өтелетінін айтты. Сондай-ақ, Ақтөбе су қоймасында болып, ондағы ахуалды бақылады. Ал Үкімет басшысының тағы бір орынбасары Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына барды. Ол аймақ басшысының қатысуымен су тасқыны жағдайы жөнінде жедел кеңес өткізді.