«Қызылжар Су» серіктестігін қорғау қажет
Петропавлдың стратегиялық нысаны – «Қызылжар Су» серіктестігін қорғау қажет. Өңірге сапары аясында бірінші вице-премьер Роман Скляр уақытты жоғалтуға болмайтынын ескертті.
Себебі үлкен судың келуіне 7-8 күн қалды. Қазірдің өзінде Сергеев су қоймасында 3 метрден астам су тасып жатыр. Роман Скляр барлық күш пен ресурсты осы мәселелерді шешуге бағыттау қажеттігін айтты. Қазір «Қызылжар Су» ЖШС сорғы станцияларын су тасқынынан қорғау мақсатында инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Жұмыс қарқыны жоғары және су тасқыны жағдайына байланысты реттеліп отыр.
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Бүгін су басу қаупі бар аймақтарды аралау барысында жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселе қаралды. Бұл, ең алдымен, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін техника санын көбейту және бөгеттерді күшейту. Біз инфрақұрылымды және елді мекендерді қорғау туралы айтып отырмыз. Үлкен судың келуіне 7-8 күн қалды. Қазір Сергеев су қоймасында 3 метрден астам су тасып жатыр. Толып кету бойынша антирекорд орнатылады деп күтіліп отыр, ол шамамен 4 метрді құрамақ. 2017 жылға қарағанда әлдеқайда көп су келеді. Сондықтан қазір барлық күш пен ресурсты осы мәселелерді шешуге бағыттау қажет. Оған қоса бүгінде барлық жол-құрылыс компаниясы учаскелердегі жұмысын уақытша тоқтатып, тұрғындармен су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізетін боламыз.