Тобыл өзені толқып тұр
Сол себепті қазір бар күш-жігер Қостанай мен Рудный қаласына жұмылдырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Дария алда-жалда арнасынан асса, алдымен саяжайдағы үйлер суға кетеді. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің басқаруымен кешелі бері эвакуациялық жұмыстар қарқын алды. Нәтижесінде 172 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Уақытша орналастыру пунктерін 700-ден аса адам паналап жатыр, соның 300-ге жуығы – бала. Қазірдің өзінде 243 үйге қызыл су кіріп үлгерді. Апаттың ауқымын азайту жұмыстарына 2,5 мың адам, 393 техника атсалысып жатыр.