300-ге жуық ерікті көмекке келді

Бейнеу ауданына эвакуацияланған Жылыой ауданы тұрғындарын орналастыруға 300-ге жуық волонтер қол ұшын созды.

Қазір аудан бойынша 13 мектепте эвакуациялық пункт ашылған. Әрқайсысына бекітілген волонтерлар Атырау облысынан келгендерді күтіп алып, гуманитарлық көмек ретінде жиналған азық-түлік, жылы киіммен қамтамасыз етіп жүр.

Бауыржан Жекенов, волонтёр:

- Көрпе-төсек болсын, киім-кешек болсын немесе жөргектер керек болып жатыр дейді. Біз кәсіпкерлерге, осы аудан жұртшылығына ескерту жасап, керек заттардың барлығын қабылдап алып жатырмыз. Еріктілер осы жердегі эвакуациялық пунктерде орналасқан адамдардың барлығына көмектесіп жатыр.