Құлсарыда судың деңгейі төмендеп келеді

Су тасқынына қарсы шаралардың нәтижесінде Құлсары қаласын басқан судың деңгейі төмендеп келеді.

Қазір Жем өзенінің бойындағы бөгеттерді әскерилер бұзып жатыр. «Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы Мәжіліс депутаттарының назарында», - дейді Жылыой ауданында жүрген Дүйсенбай Тұрғанов. Құлсарыдағы бөгеттерді бекіту жұмысына қазір жас та, кәрі де жұмылған. Тіпті мектеп оқушылары қол ұшын созып жатыр.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қабылданып жатқан шаралардың арқасында біртіндеп, сәл ғанан судың деңгейі түсіп жатыр. Өкінішке қарай қайғылы жадай да болып жатыр. 2 адам трактормен суға кетіп қалған жағдай да бар. Осы жердің тұрғындарының «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр. Жауапкершілігіне өте риза болдым.