Ұлттық ұланның жауынгерлері су тасқынына қарсы жұмысқа жұмылдырылды

Ұлттық ұланның 1,5 мыңнан астам офицерлері, әскери қызметшілері, курсанттары мен сержанттары су тасқыны болған елді мекендерге жұмылдырылды.

Олар халықты эвакуациялауға белсенді қатысып, гуманитарлық көмек жеткізуге ат салысуда. Тағы су басқан кенттерді патрульдеп, жағалауды нығайту жұмыстарын да жүргізеді. Тағы көмекке Ұлттық ұланның авиациясы да жұмылдырылған. Бүгін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін Астанадан Атырауға 13 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде 8 тонна азық-түлік, 3 тонна құм қапшықтары мен мотопомпалар бар.