Республикалық маңызы бар жолдардағы қазіргі ахуал
Айта кетейік, су тасқынына байланысты 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Бұл Абай, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары. Табиғи апатпен күресуге төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Көлік қатынасын үзбеу мақсатында Республикалық маңызы бар автожолдарға 253 бірлік техника мен 470 адам жұмылдырылған. Қазір 9 учаскені су шайып кеткен. Тағы 400-ге жуық учаскені су басу қаупі анықталды. Мамандар жол бермеу үшін барлық өңірде қажетті инертті және басқа да материалдарды дайындады.