Скляр Тайынша ауданында жүр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Солтүстік Қазақстан облысындағы сапары жалғасып жатыр.
Ол бүгін Тайынша ауданы Красная поляна ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы 8 үй су астында қалған еді.
Роман Скляр зардап шеккендерге келтірілген залал мемлекет есебінен өтелетінін мәлімдеді.