Қостанай облысында бір тәулікте 2285 адам құтқарылды

Қостанай облысындағы Тобыл өзені бақылауда. Қазір Қаратомар, Желқуар және Амангелді су қоймалары 99% толып тұр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары осылай дейді. Асылбек Садуовтың айтуынша, Тобылдың көтерілуі салдарынан құтқару жұмыстары әлі күнге жалғасып жатыр. Бір тәулікте 2285 адам құтқарылды, оның 84-і – бала. Дегенмен өңірдегі ахуал әлі де «тұрақты-қауіпті» деп бағаланып отыр.

Асылбек Садуов, Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Құтқарылғандардың жалпы саны адамдардың 8800-ден астам, оның ішінде 1700-ден астам бала құтқарылды. Уақытша орналастыру пунктерінде 464 адам, оның 123-і – бала. Негізі Тобыл өзені әлі күнге дейін бақылауда. Себебі Қаратомар, Желқуар, Амангелді су қоймалары сол жақтан су әлі күнге дейін келіп жатыр.