Павлодар облысындағы Жалаулы ауылында жағдай тұрақталды
Павлодар облысындағы Жалаулы ауылында төтенше жағдай режимі күшін жойды, деп хабарлайды 24KZ.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Атамекен- Ертіс-Русская Поляна» автожолындағы шектеу алынды.
Естеріңізге сала кетсек, Ұзынсу ауылын тасқыннан құтқару үшін автокөлік жолының бірнеше учаскесін жыруға тура келген еді. Қазір жағдай тұрақты, қозғалыс қалпына келтірілді. Ал Жалаулы ауылында 190 мың текше метрдей су сорылды. Қырдан аққан қарғын суды тежеу үшін қысқа мерзімде сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын 3 қазаншұңқыр қазылды. Арнайы комиссия су тасқынынан келген шығынды есептеп жатыр. Залал келген үй иелеріне бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленеді.