Жайық жағасындағы қауіп сейілмеді
Батыс Қазақстан облысының 8 ауданында жағдай тұрақталды, деп хабарлайды 24KZ.
Алайда Жайық өзенін жағалай қоныстанған 4 аудан мен облыс орталығына қарғын әлі қауіп төндіріп тұр. Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтың айтуынша, тасқынның шарықтау шегі сәуірдің 15 мен 20-сы аралығында келуі мүмкін. Қазір барлық ресурс Жайық өзенінің жағасындағы халықты осы апаттан сақтау үшін жұмылдырылып жатыр. Айта кетейік, бүгінге дейін аймақта 600-ге жуық үйді су басты.
Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО әкімінің орынбасары:
- 4 аудан және қала. Қаланың тұрғындарымен 82 мың халқымыз бар. Бүкіл күшті сонда жұмсап жатырмыз. Жайық бойындағы ауылдарды дамба құру арқылы қоршау мақсатында. Бүгінгі күні сол жұмыстарға 280 арнайы техника жүр. Бүгінгі күнде 21 дамба орналастырылды. Жұмыс жалғасып келе жатыр.