Қарғалының қарқыны бәсеңдей бастады

Қарғалы су қоймасы ернеуіне дейін толды. Осыған дейін секундына 350 текше метр су ағызылып отырған еді.

Бірақ су сонда да көп келіп, қауіпті күшейтті. Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Садовый ауылынан 150-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір дәл осы Қарғалы су қоймасының басында біздің тілшілеріміз тұр. Қарғалы су қоймасының қазіргі деңгейі қандай? Қаупі қаншалықты?

Мамандар жағдайды бақылап отырмыз деп сендірді. Топан су ернеуінен асып, тасымауы тиіс. Жылғалармен ағып келген еріген қар суының қарқыны бәсеңсіген. Қазір мұнда 280 млн текше метр қор бар. Жиналған суды қауіпсіз кәдеге жарату жолын су қоймаға жауапты мекеме өкілінен сұрайық.

- Мұнша көл суы өзенмен арнасымен жөңкігенде жағасындағы халыққа зияны жоқ па? 

- Кешегі кештен бері Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі түскені де байқалады...

Данарбек Иманғазин, қалалық ТЖБ бөлімі бастығы:

- Сұхбатыңызға рахмет.

Айта кетейін, көлемі бойынша Қарағалыдан кейінгі саналатын су қоймалары – Ақтөбе мен Сазды да саябырсыды. Аталған көлдерге секундына шамамен 50 текше метр қосылып жатыр. Бұл қалыпты жағдай. Ал Қарғалыға ағатын жылғалардың бойында қар түгел дерлік еріп кетті. Бұл қауіп төндірген су қоймасы да сабасына түсті деген сөз.

Мансұр Есқожин, 24.KZ, Ақтөбе облысы