Ел үшін еңбек еткен еріктілер
1700-ден астам ерікті Қостанай облысының су басу қаупі жоғары аймақтарында жұмыс істеп жүр.
Бұл Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай ауданы. Белсенді азаматтар тобы өңірдің елді-мекендеріне жіктелді. Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді аудандарына 350, Денисов пен Бейімбет Майлин ауданындарында жүз-жүзден, Рудный қаласында 250, Қостанай ауданында 270 ерікті қызмет етуде. Олар үй-үйді аралап, бөгеттерді нығайту, арықтар мен су арналарын бұрып, азық-түлік жеткізу жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Ал Батыс Қазақстан облысында дәл осындай жұмыстарға 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған.
Абай Дүйсеков, Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры:
- Екі бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші – төсек-жабдықтарын және тағы басқа керек жабдықтарын жинап, Қостанай қаласы мен ауданның эвакуациялық пунктеріне жеткізу. Екінші бағыт – қаптарға құм толтырып, бөгет орнату.