Атырауға ҚХА-дан алғашқы көмек керуені жетті
Бүгін Атырауға Қазақстан халқы Ассамблеясынан алғашқы көмек керуені келіп жетті.
Еліміздің тасқын судан зардап шеккен өңірлеріне қолдау көрсету мақсатында Ассамблея жанынан «Жүректен жүрекке» акциясы басталған болатын. Бүгінде барлық өңірде 10 мыңдай волонтер зардап шеккендерге қолдау көрсетуде. Осы уақытқа дейін көмек қорына 200 млн теңге жиналды. Ол қаражатқа тасқын астында қалған аймақтардың керек-жарағы алынып арнайы керуенмен аттындырылып жатыр. Бүгін Атырау облысына 20 тонна азық-түлік Шымкенттен келді. Аймақтағы көмек қорына 70 тоннадан астам азық-түлік мен керек-жарақ жиналып, Құлсары қаласына үздіксіз жолданып жатыр.
Акбаржон Исмаилов, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Қазір Тараз қаласынан тағы бір үлкен «фура», Алматы қаласынан және Шығыс Қазақстан облысынан тағы бір машина шықты. Олардың барлығы жолда. Оның ішінде азық-түлігі де бар, медикамент те бар, керек заттар матрастар, жастығы да бар. оның ішінде киім-кешек бар. Қап керек екен Атырау облысына. Оны да біз Алматы қаласына жеткіздік машина болса, соған артып жіберілсін деп.