Су тасқыны. 88 мыңнан астам адам құтқарылды

Су басқан аймақтарда 88 мыңнан астам адам құтқарылды. Бала саны 30 мыңға жуықтайды.

Тағы 7 мыңға жуық тұрғын уақытша баспаналарға орналастырылды,-деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқару жұмыстарына 24 мың маман, 3 мың техника мен 10 әуе кемесі жұмылдырылған.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ұлытау, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Су басқан өңірлерде 8 млн текше метр су сорылды, 1 млн тоннадан астам қапшық пен инертті материал төселген. Зардап шеккен аймақтарға 152 мың келі гуманитарлық көмек жеткізілді.