Тасқын салдарын жоюға 29 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды
Су тасқыны басталғалы волонтерлер 1713 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, соның 1320 тоннасын өңірлерге жөнелтті, деп хабарлайды 24KZ.
Аймақтарда жастар ресурстық орталықтарының қолдауымен 20 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған. Сондай-ақ жалпы саны 29 мыңнан астам ерікті тасқын салдарын жою және қалыпқа келтіру шараларына жұмылдырылды. Белсенді жастар Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай облыстарында тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшіру, гуманитарлық көмекті сұрыптау, ақпарат тарату жағынан да жан-жақты жұмыс атқарып жатыр.