Жібек жолы ауылында тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі бар, деп хабарлайды 24KZ.
№6 шағынауданның маңында еріген судың деңгейі жоғарылап кеткен. Қазір тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың 18 КАМАЗ, 13 тиегіш және 6 экскаватор мен бульдозер техникасы жұмылдырылған. Сонымен қатар Астана, Қарағанды қалаларының төтенше жағдайлар қызметінен әскерилері техникасымен көмекке келді.
Жалпы 2300 тонна инертті материал, 35 мың қап дайындалып, төселді. Жергілікті тұрғындар арасынан 200 адам және 55 ерікті көмек көрсетіп жатыр. Жағдай жіті бақылауда.