Атырауға тағы 300-ден астам әскери жіберілді
Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам әскери қызметшісі су тасқынымен күрес үшін Атырау облысына жіберілді, деп хабарлайды 24KZ.
Теңіз жаяу әскерінің сарбаздары алдымен теміржол арқылы облыс орталығына жетіп, қалған 60 шақырымды әскери техникамен жүріп өтеді. «Осындай аралас әдіс жеке құрам мен әскери техниканы және инженерлік мүлікті белгіленген жерге жедел жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді мамандар.
Бүгінде Атырау облысында теңіз жаяу әскерлерімен бірге Ақтау гарнизонының басқа да әскери бөлімдері жұмылдырылған. Құлсарыда бөгетті қалпына келтіру және қала айналасына құм салынған қаптарды төсеу жұмыстарында қосымша 300-ден астам әскери атсалысып жатыр.