Жылыойлықтарға жасалған жылылық
Жылыой ауданынан Теңіз кенішіне 7445 адам эвакуацияланған.
Қазір ондағы мердігер мекемелер көшірілген тұрғындардың жайлы тұруына жағдай жасап, балалардың көңілін аулау мақсатында түрлі іс-шара ұйымдастырып жатыр.
Вахташылар қалашығындағы волонтерлер балаларға сыйлық таратып, кинотеатрға да апарып жүр. Медициналық пункт те эвакуацияланған тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.
Жалпы Жылыой ауданынан 29 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Олар Маңғыстау облысы, Атырау қаласы мен Теңіз кенішіндегі эвакуациялық пункттерге орналастырылған.
Елдос Қазтуғанов, Құлсары қаласының тұрғыны:
- Барлық жағдайды жасап жатыр. Тамақтарын мезгілінде әкеліп береді. Қыздар көмектесіп жатыр. Кеше мекеменің басшылары келіп, әткеншек қойып берді балалар ойнасын деп.
Берік Әміров, мердігер компания филиалының директоры:
- Бүгінгі таңда 440 адамды орналастырдық. Еріктілер бар, басқалар бар қосылып, осы жерде ойыншықтарды жеткізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – көрінген, өнген балаларымыз қиыншылықтарды көрмей және ойларын бөліп, ойындарын ойнап, жүрсе дейміз. Қалашықта барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамағы, басқа да керек заттарды жеткізіп жатырмыз.