Алматы облысының таулы өңірлерінде қар көшкіні болуы мүмкін
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіндегілер тұрғындар мен саяхатшыларға 11-15 сәуір аралығында көшкін жүруі мүмкін қауіпті учаскелерге бармау керектігін ескертеді.
Тауға шығарда ауа райы болжамын алдын ала қадағалап, табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. «Сонымен қатар ұялы байланыс операторлары арқылы жолданған дауылды ескерту туралы смс-хабарламаларға бей-жай қарауға болмайды», - дейді мамандар.
Дәурен Азаматов, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
- Алматы облысының аумағында Іле Алатауының оңтүстік беткейлерінде, яғни Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 қар көшкіні жүретін учаске бар. Негізгі қар көшкіні түсуі температура фонының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын шашындар түсуіне байланысты болады. Сондықтан тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.