Бишімбаев жедел жәрдем шақыруға тыйым салған

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынды.

«Сотталсам сотталып кетейін, бірақ мен шындықты айтамын» деген ол, сол күні не болған оқиғаны бүге-шүгесіне дейін баяндап берді. Айтуынша, қарашаның 9-ы күні Нүкенованы 2 рет көрген. Бірақ, Бишімбаев пен әйелі арасында жанжалдың жиі болатынын білген ол, жеке кабинаның астан кестені шығып жатқанына мән бермеген. Ал бейнекамералардағы жазбаны өшірген кезде жағдайдың тым ушығып кеткенін білмедім деді. Байжанов Бишімбаевтың бұйрығын орындағанын айтты.

Байжанов, айыпталушы:

- Бишімбаев маған «Салтанат оянбай жатыр» деді. Жедел жәрдем шақыртуды ұсындым. Бірақ ол қажет еместігін айтты. Мені мүсәтір спиртін алып келуге жіберіп, жедел жәрдем шақыртуға тыйым салды. Мен өзімнің таныс дәрігеріме хабарластым.