Кенемен күрес маусымы басталды

Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының ошағы болуы мүмкін 115 елді мекен анықталды.

Арнайы мамандандырылған мекемелер қауіпті аумақтарды залалсыздандыруға кірісті. Кеселдің алдын алу шараларын арнайы жұмыс тобы бақылайды. Өңірде наурыз айынан бастап қоршаған ортадан жиналған 730 кене зерттелді. Оның төртеуінен қауіпті вирус табылды.

Марат Құрманбаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

- Биыл былтырғы жылға қарағанда препораттың түрі ауыстырылды. 10 проценттік цепек препораты қолданылады. Былтырғы жылы креолин қолданған болатын. Осы бағытта жұмыстар бүгінгі күні басталып жатыр.

Әлия Әбдіқайымова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Көктемгі жылу ерте басталады. Сол себептен бүгінгі күні белсенділік бар кенелердің. Оған нақты дәлел осы есепті мерзімде күн әлі ысымаса да 21 адам кене шағу фактісімен медициналық көмекке жүгініп отыр. Тиісті ведмоствалардың барлығына нақты атқарылатын, эпидмаусымда жүргізілетін шаралар бекітілді.