Шымкенттіктер батысқа тағы да көмек жіберді

Шымкенттіктер «Жүректен – жүрекке» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысына тағы 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша демеушілер тарапынан 8,5 миллион теңге жиналды. Арнайы тізім бойынша көрпе-төсек, киім-кешек, құтқару жұмыстарына керек-жарақ сатып алынды. Эвакуациялық пунктке орналасқан тұрғындардың ас-ауқатына да қажетті өнімдер бар. Макарон, ұн, май, күріш және гигиеналық заттар тиеген қайырымдылық керуені жолға шықты.

Юлия Яковлева, ҚХА мүшесі:

- Барлық халықпен бірге боламыз. Осындай қиын жағдайда біз болмасақ, кім болады халықтың қасында?! Тағы да 20 тонналық жүк дайын тұр. Соны жібереміз.

Тимур Казмин, ҚХА мүшесі:

- «Күшіміз – бірлікте» деп айтамыз ғой. Ел болып, халық болып осындай акцияның кезінде бірлік, халықтың ауызбіршілігі нығаяды деп ойлаймын.