Тәжік этномәдени орталығының өкілдері СҚО-ға көмек жіберді
Елдегі тәжік этномәдени орталығының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек қолын созды, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы құны 25 млн теңгеге 35 тонна азық түлік, төсек жабдықтары мен өзге де қажетті бұйым жиналып, бүгін елордадан Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының республика аумағындағы штабтары осы күндері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Онда гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ұйымдастырылып, еріктілер бірлік танытып жатыр. Су тасқыны басталғалы «Жүректен жүрекке» акциясы аясында бірнеше өңірге 425 млн теңгеден астам қаражатқа көмек жіберілді. Ассамблея мүшелері қайырымды істі алдағы уақытта да жалғастырады.
Акбаржон Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Кәсіпкерлер, барлығы жұмылып, Солтүстік Қазақстан облысына 7 жүк машина жүрейін деп жатыр және де біздің бүкіл өңірде, оның ішінде Түркістан облысы, Мақтаарал, Жетісай ауданы бар тәжік этносы шоғырланған жерлер, Фирдауси ауылынан бір машина жіберілді. Сарыағаш ауданынан 3 машина жіберілді, Жезқазғаннан бар, тағы да басқа өңірлерден белсенді тәжік этносы қатысып жатыр.
Яхия қажы Абдуллаұлы, ҚМДБ Рыскелді қажы мешітінің наиб имамы:
- Әлбетте бұл біздің халықтың елдің бірлігін көсертіп жатыр. Тәжік халқы бұл бір ғасырдан тұрын Қазақстанға қоныс аударып, өмір сүріп жатқан бірнеше аймақта бар. Біздің дініміз, дәстүріміз қайырымдылықты, бір-бірімізге қамқорлықты бұйырады. Бір әрқашан да халықпен біргеміз.