Ақтөбе жастары сенбілікке шықты
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолдау тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Студенттер мен волонтерлер, «Жасыл ел» жасағының мүшелері саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалауға кірісті. Олар елді мекендерді айнадай етіп тазалап, абаттандыру үшін әр жұма мен сенбі күндері аянбай еңбек етеді. Көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстары да облыс орталығымен қатар барлық ауданда жүріп жатыр. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» акциясына мекемелер мен өзге де ұйым өкілдері атсалысады.
Нұржан Шаңғытбаев, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының төрағасы:
- Су тасқынынан кейін, әрине, жерлерді су басты. Соған байланысты енді қаншама қоқыс жиналды. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Қарғалы, Солнечный, Сазды өзендері, Ақтөбе су қоймасының жағалауларын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жыл бойы бір айда екі рет тазарту жұмыстарын жүргізетін боламыз.