Депутаттар Петропавлға көмекке келді

Петропавлда Есіл өзені ернеуінен асты, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір қала маңындағы саяжайлар мен Заречный кенті жанынан өтетін тасжолды су басты. Көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жүргізушілер айналма жолмен қатынайды. Ал Тепличное ауылының тұрғындары жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Мәжілісмен Азат Перуашев бастаған топ үрмелі қайық, тасқында киетін етік пен арнайы киімдер әкелді. Депутаттың айтуынша, осындай қиын сәтте қолдан келгенше аянып қалмау керек.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ел сияқты біз бүгінгі күні осы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға келіп, өзіміздің мынау қол ұшымызды беріп жатырмыз. Қарасам, бүгін осы бірнеше күн осы Петроавлда жүрсем, былай бейтарап қарайтын адам жоқ секілді. Барлығы бір атаның баласындай атсалысып отыр.