Су басқан өңірлерде ауызсу сапасы қалыпты
Су басқан өңірлердегі су сапасы қалыпты деңгейде тұр.
Бұл жайында, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мәлімдеді. Мамандар тасқыннан зардап шеккен аймақтарда, халыққа берілетін тіршілік нәріне мониторинг жүргізіп жатыр. Орталық және өзге де сумен жабдықтау көздеріне санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдаулар жасалды. Су тасқыны басталғаннан бері 6 мыңнан астам ауызсу, сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамаларға қатысты жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарына, тиісті нұсқау жіберіледі. Су құбыры желілері мен құрылыстарын дезинфекциялау туралы хабар беріледі.