Петропавлда мамандар қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр
Петропавлда су тасқыны мен қатты мұз ағыны қаладағы электр бағандарын зақымдады.
Салдарынан жергілікті сорғы станциясы уақытша жұмысын тоқтатып, тұрғындар сусыз, жарықсыз қалды. Апаттық-құтқару бригадалары 10 сағаттан астам уақыт бойы электр желілілерін қалпына келтіруге тырысты. 30 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Қатты соққан жел мен өңірді су басуына байланысты жарықты қалпына келтіру әлі де жалғасып жатыр. Казгидромет мамандарының мәліметінше, биылғы су тасқыны рекордтық көрсеткішке жетті.