Қауіпті нысандар онлайн картаға енгізіледі

Қауіпті нысандардың онлайн картасы.

Шығыс Қазақстанда прокуратурамен білім басқармасы бірлесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай жоба бастады. Самар ауданында осы электронды сызба көмегімен, ондаған ғимарат пен құрылғы анықталып, бақылауға алынды. Мұндай шараларға ата-аналар да белсене қатысып жатыр.

Самарда онлайн картаға енгізілген нысандар баршылық. Олар, бос тұрған ғимараттар мен үйлер, апатты нысандар,беті ашық құдықтар. Бұл тізімді кез келген адам толықтыра алады. Мәселен Галина Скударнова үйінің дәп іргесіндегі трансформатор мен кәріз құдықтарына алаңдаулы.

Галина Скударнова, Самар ауылының тұрғыны:

- Айналада бала толып жүреді. Әрине бала болған соң олар әр нәрсені ашып, қарап, жақын барап көргісі келеді.Ал мына жерде қаншама құдықтың беті ашық жатыр.Қауіп деген сол емес пе.

Онлайн картаны ойластырудағы мақсат-ойын баласына қауіпсіз орта жасау,қайғылы жағдайдың алдын алу. Онда көрсетілген әр нысан бойынша шара қолданылады. 

Батыржан Кәрібаев, Самар ауданы білім бөлімінің бас маманы:

- Балалар да, ата аналар да көре алады, қай жерде қандай қауіпті объектілер орналасқанын көре алады, одан кейін органдар мысал үшін трансформатор болса,жаңағы электросеть өздері көріп,ол объектіні қоршаумен немесе басқа жұмыстармен айналысады.

Электронды құжат шағын ауыл аймақтың бәрін қамтиды.Енді оған су қоймасы да енгізілуі мүмкін. Өйткені ол да ықтимал қауіп көзі саналады.

Әсет Сейілқұмаров, Самар ауданы ТЖБ бастығы:

- Бұл су қоймасы біріншіден мен былай айта кетейін,суға шомылуға арналмаған,бірақ Самар халқы балалар өте көп осында кеп суға шомылады.Осы 7-8 жыл бұрын 4-7 жас балалар бір бірін құтқарамыз деп,бір жанұядан,суға батып кетті.

Қазір онлайн картадағы біршама нысан қауіпсіздік талаптарына сай қайта жабдықталды. Дегенмен тізімде әлі тексерілуі тиіс 15 нысан бар.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов