А. Балаева су тасқыны туралы жалған ақпар таратпауға шақырды
Мәдениет және ақпарат министрінің айтуынша, кей тұрғындар осылайша дүрбелең тудырып, құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр.
Ақпарат саласына жүргізілген мониторинг барысында осындай 29 дерек анықталған. Мәселен, Ақтөбедегі су қоймасы шлюздерін ашу туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат тараған. Оны кейін облыс әкімдігі жоққа шығарды. Ал Қостанай облысының әкімдігі Б. Майлин ауданындағы Аят өзені арқылы өтетін көпірдің бір бөлігінің құлауы, сондай-ақ өңірдегі мал қорымдарын су басқаны туралы хабарламаның жалған екенін растады. Сондықтан Аида Балаева: «тек ресми және расталған ақпаратқа сеніңіздер, барлық күмәнді фактілерді бірнеше рет тексеріңіз және оны ары қарай таратпаңыз», – деп ескертті.