Сәтбаевта заңсыз қоқыс алаңдары жойылды
Сәтбаев қаласында 10-нан астам заңсыз қоқыс алаңдары жойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпықалалық сенбілікке 500-ге тарта адам қатысты. Негізгі күш саябақтар мен көпшілік серуендейтін орындарға жұмылдырылды. Қураған ағаштар оталып, 90 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Ұлытау облысында көгалдандыру жұмыстары 27 сәуірде басталады. Жоспар бойынша 20 мың түп ағаш егіледі.
Кенжегүл Танаберген, Сәтбаев қаласының тұрғыны:
- Сенбі сайын шығып тұрамыз. Тазалық баршаға ортақ міндет қой. Ұжымдастарымызбен бірге бейсенбі күндері де айналаны тазалап отырамыз. Қаламыздың таза әрі әдемі болғанын қалаймыз.
Талғат Айтжанов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары:
- 27 сәуірде жалпыоблыстық сенбілік өтеді. Оған қатысатын адам саны осы жолғыдан екі есе артық болады. Қала аумағына 1500 түп ағаш отырғызылады. Сонымен қатар пәтер иелері кооперативтері мен білім беру мекемелері де өз аумақтарында көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.