СҚО әкімі: Зардап шеккендерге өтемақы төленеді
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға толық көлемде өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі жергілікті халықпен кездесуде мәлімдеді.
Бұған дейін құтқарушылар Заречный және Былғары кентінің, Ойқаланың, Тепличное, Прибрежное, Бескөл ауылдарының тұрғындарын эвакуациялады. Биылғы су тасқыны рекордтық көрсеткішке жетті.
Оған қоса бір күн бұрын облыс орталығы сусыз қалған еді. Су тасқыны мен қатты мұз ағыны қаладағы электр бағандарын зақымдады. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қосымша сумен қамту желісі іске қосылды. Қаладағы су жүйесі біртіндеп қалыпқа келтіріліп жатыр.